Қ.Исабай атындағы Баянауыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі, Жобалар мен халықаралық қызмет департаментінің директоры Мұрабек Омаровпен «Баянауыл ауданындағы туризмді дамыту мәселелері» тақырыбында кездесу‐дәріс өтті.
Дәріске өлкетанушы Мұхамет‐Қайыр Шәріпов, экоблогер Аман Қанат, З.Ақышев және Ш.Шөкин атындағы мектептердің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Өз сөзінде Мұрабек Қапбасұлы:
«Баянауыл – Қазақстандағы ең алғашқы ұлттық парктердің бірі, Павлодар облысының басты туристік бағыты. Рекреациялық сұраныс өскен сайын ерекше қорғалатын табиғи аумаққа антропогендік жүктеме артады. Табиғатты сақтау мен экономикалық пайда арасындағы тепе‐теңдік ғылыми негізді басқаруды қажет етеді», — деп атап өтті.
Ол оқушыларға экологиялық білімнің жоғары болуы маңызды екенін айтты. «Демалушылар табиғат тазалығын сақтауды есінен шығармауы керек! Қалдықтар дала өртіне, топырақ құнарлылығының бұзылуына, жануарлардың шапа шегуіне алып кетуі мүмкін», — деді.
Дәріс барысында «Halyq bank» акционерлік қоғамының демеушілігімен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің Кемпіртас маңын абаттандыру бойынша жобаны қолға алғаны да айтылды.
Оқушыларға Қоғамдық бірлестік әзірлеген Баянауылдың туристік маршруттарының картасы да таныстырылды.
Сонымен бірге, Қ.Исабай атындағы Баянауыл аудандық орталық кітапхананың қорындағы өлкетану бағытында жарық көрген кітаптарға шолу жасалды.