Торайғыр ауыл кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен поэзия кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: Қазақтың көрнекті ақыны Хамит Ерғалиевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, ақынның әдеби мұрасын оқырмандарға таныстыру, өлеңдері арқылы ерлік пен елдік ұғымдарын дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, бейбітшілікті қадірлеуге тәрбиелеу.
Хамит Ерғалиев – қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер. Шығармалары қазақ поэзиясының көркемдік өрісін кеңейтіп, әдебиетіміздің дамуына үлес қосты.
Поэзия – жүректің үні, халықтың рухани шежіресі.