«Ыбырайдың ізімен»
Қалмұқан Исабаев атындағы орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай Ш.Шөкин атындағы ЖББ мектебінің 4 «А» сынып оқушыларымен әдеби‐танымдық сайыс өткізілді.
Оқушылар екі топқа бөлініп, ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы бойынша білімдерін сынап, өлең оқып, сахналық көріністер көрсетті. Кітап көрмесі мен көрнекіліктер ұсынылып, барлық қатысушыларға сыйлықтар мен Ыбырай Алтынсарин туралы буклеттер таратылды.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша «Білімпаздар» тобы жеңімпаз атанды!
Кітапқа деген қызығушылықтарың арта берсін, жас оқырмандар! 📖✨