Қ.Исабаев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Зейтін Ақышев атындағы мектепте «От ауызды, орақ тілді ақын» атты әдеби‐танымдық сағат өтті. Іс‐шара дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 115 жылдық мерейтойына арналды.
Іс‐шара барысында ақын өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, сұрақ‐жауап ойынын өткізілді. Оқушыларға «Қайсар рухтың жыршысы» атты өмірбаяндық бейнесюжет көрсетілді.
Оқушыларға Қасымның әкесі Рахымжан салдырған үй жайлы бейнеролик көрсетілді. Онда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы бала Қасымның үлкен өмір сапары басталған жер жайлы баяндайды. «Шарлаған ізім жатыр жер бетінде» деп жырлайтын Қасымның сапары осы жерден басталған» дейді ақын. Ақын туған Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылының маңындағы Қызылкөшен тауының бауырына – туған үйінің орынына белгітас орнатылған. Ол тасқа ақынның «Алтын діңгек, өзім туған босағам» деген өлең жолы жазылған.
Оқушыларға ақын кітаптарынан көрме ұсынылды.
Шығармашылық әріптестік үшін мектеп кітапханашысы Жанар Қуантайқызына алғыс білдіреміз!