Торайғыр ауыл кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Марфуға Айтхожаның туғанына 90 жыл толуына орай «Жыр аққуы» атты кітап көрмесі безендіріліп, оқырмандардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Шара барысында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, сырлы сезім мен мөлдір жырдың шебері, сөз өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын Марфуға Айтхожаның өмірі мен шығармашылығы туралы айтылып, Мәшһүр Жүсіп ауылының тұрғыны зейнеткер Жұмкен Сейітов аға мен Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, зейнеткер Ғабдулла Талипов ақынның өмір жолына шолу жасап, өлеңдерінен тағылымдық рухани мұрасы туралы өз ойларымен бөлісті.
Шараның мақсаты: Ақынның мұрасын насихаттау, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Поэзия – адам жаңының үні, жүректің сыры, көңілдің көркем бейнесі. Ал ақын – сол сезімді сөзбен өрнектеп, оқырмандардың жүрегіне жеткізетін ерекше тұлға.