«Жаңа Қазақстан – жарқын болашақ»
25 қазан – Республика күніне орай Қ.Исабаев атындағы аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Ш.Шөкин атындағы мектептің 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық шара өткізілді.
Шара барысында оқушыларға Республика күнінің тарихи маңызы туралы мәлімет беріліп, тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, «Сұрақ‐жауап» ойыны арқылы балалардың Отан, туған жер және еліміздің тарихы туралы білімдері толықтырылды.
Мақсатымыз – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, туған елге деген құрметін арттыру.
🇰🇿 Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз жарқын болсын!