Қамар Қасымов 1893 ж. Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында дүниеге келген — 1966 ж. Алматы қаласында қайтыс болған – музыка аспаптарын жасау шебері, Қазақ КСР-інің мәдениет саласына еңбек сіңірген қайраткері (1974). 1925 ж. А.В.Луначарскийдің өтініші бойынша Мәскеудің музыка шеберханасында әнші Ә.Қашаубаевқа Дүниежүз, этнограф. Концертке (Париж, 1925) арнап домбыра жасаған. Қасымов Қамар ұлттық музыка аспаптарын өндеп, жаңалап, жетілдіріп отырды. Құрманғазы атынд. Академ. Оркестрінің музыка аспаптарын жасаған. Мәскеуде П.И.Чайковский атынд. Шеберханада қызмет атқарған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Қасымов Қамар // Баянаула перзенттері. 1- кітап. – Павлодар,2008. –416 б.
Қасымов Қамар // Ертістің Павлодар өңірі: энциклопедия. – Алматы, 2013. – 442 б.
Қамар Қасымов. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 206 б.
* * * * *
Әділханұлы А. Асқан дарын иесі // Сарыарқа самалы. – 1993 (архив)
Исабай Қ. Сталинге домбыра жасаған шебер // Ана тілі. – 2005. – 18 тамыз(№33). – 5 б.
Өнер шырағы өшпесін // Сарыарқа самалы. – 2003. – 30 қаңтар