1923 жылдың 1 сәуірінде туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы, 2001 жылы Павлодар қ. қайтыс болған.
Әскери білімі. М.И.Калинин атындағы Киев байланыс әс кери училищесі (Красноярск қ. 1942).
Атағы. Гвардия капитаны.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында шақырылған. 326-шы жеке линиялық батальоны құрамында телеграф-құрылыс ротасының взвод командирі, 146-шы гвардиялық атқыштар полкінің взвод командирі ретінде (Воронеж, Далалық, 2-ші, 3-ші Украин, Белорус майдандарында) соғысқан. Белоруссияны, Украинаны, Польшаны азат етуге қатысқан.
Жапониямен соғысқа 1-ші Қиыр Шығыс майданында 144-ші атқыштар дивизиясы 449-шы атқыштар полкінің атқыштар батальоны құрамында байланыс взводы командирі ретінде қатысқан. 1953 жылдың қыркүйегінде әскерден босатылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысы лекторлық бюросының директоры. Қазақстан компартиясы Павлодар қалалық комитетінің нұсқаушысы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы КОКП ХХI съезі атындағы, «Баянауыл», «Бірлік», Сұлтанмахмут Торайғыров кеңшардың партия комитеті хатшысы болып істеген.
Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени, Красной Звезды, (екеу), «Знак Почета»; медальдар. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За победу над Японией», «За освоение целинных земель», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуков медалі, «Захиснику Вітчизни» (Украина); белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «1941-1945 жж. Соғыс ардагері».