1917 (1919) жылдың 10 мамырында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1988 жылы қайтыс болған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы.
Әскери мамандығы. Фельдъегерлік-пошталық байланыстың маманы.
Атағы. Сержант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 18 қарашасында шақырылған. 123-ші жеке атты әскер полкі құрамында эскадрон старшинасы; 183-ші, 241-ші бомбалаушы авиациялық дивизия құрамында аға қабылдаушы ретінде Ұлы Отан соғысына қатысқан. Польшаны, Германияны азат етуге, Берлинді шабуылдап алуға қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысының Баянауыл ауданы Майқайың қазақ орта мектебінде мұғалім болып істеген.
Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени; медальдар. «За боевые заслуги», «За освободение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі».