1912 жылдың 27 желтоқсанында Палодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келеген. 1989 жылдың 20 желтоқсанында Алматы қаласында қайтыс болған.
Атағы. Кіші лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА – ға 1939 жылдың ақпанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 456 – шы авиаполктің эскадрилья комиссары және саяси бюро хатшысы, 57 – ші, 68 – ші, 5 – шіармиялар саяси бөлімдерінің (Сталинград, Белорус майдандары), Түркістан әскери округі 32 – ші запастағы атқыштар дивизиясының үгітшісі және дәрісшісі ретінде қатысқан. Сталинградты қорғауға, Балтықбойы елдерін азат етуге қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Республикалық партия мектебідиректорының орынбасары, аға оқытушысы, КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты, КОКП тарих кафедрасының меңгерушісі және ҚазМУ проректоры, меңгерушісі, Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихының Институты директоры, Қазақ КСР жоғары білім Министірінің орынбасары, Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы Институтының директоры, Қазақстан КП ОК жанындағы партия тарихы Институтының аға ғылыми қызметкері болып істеген.
Марапаттары. Ордендер: Октябрьской революции, Отечественной войны І степени, Отечественной войны ІІ степени, Трудового Красного Знамени, Красной Звезды, «Знак почета»; медальдар: «За отвагу», «За оборону Сталинграда», «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941 – 1945 гг.», «За трудовое отличие» (екеу), «За трудовую доблесть»; мерейтойлық медаль: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной 1941 – 1945 гг.».