Жобалар

Аудан кітапханалары келесі жобаларды жүзеге асырады

    1. «Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы

Жобаның мақсаты – кітапхана пайдаланушылары үшін Баянауыл ауданының ОКЖ-нің кітап қорын өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы, сондай-ақ аймақты жазушылардың жаңа әдеби шығармаларымен толықтырып, электронды кітапхана құру. Кітапханалардың өлкетану бағытындағы жұмысын жетілдіру, мәдениет жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, патриоттыққа баулу.

«Туған өлкемнің шексіз тарихы» жобасы бойынша кітапхана пайдаланушылары үшін Баянауыл ауданының ОКЖ-нің кітап қорын өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы, сондай-ақ аймақты жазушылардың жаңа әдеби шығармаларымен толықтырып, өлкетану қорын баспа, электрондық және басқа да ақпарат тасымалдағыштардағы ақпараттық ресурстармен толықтырылуда, шығармашылық мүмкіндігін арттыру, ақпараттық мәдениет негіздеріне үйрете отырып, тарихи деректер мен әдебиет саласында білім көкжиегін кеңейту және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру өзекті мәселеміз. Өлкеміздің өзге ауылдарының тарихы мен мәдениеті, 13 ауылдық округтың кітапханашылары, осы ауылдың тарихында ұмытылмас із қалдырған айтулы тұлғалар жайлы, сондай-ақ аймақты жазушылардың жаңа әдеби шығармаларымен таныстырып, электронды қорды, құнды өлкетану деректерімен толықтырылып отырады.









    1. «Кітап оқып — рухани бай бол» жылжымалы-ақпараттық кітапхана жобасы

Кітапхана – оқуды дамытудағы көшбасшы. Кітап пен оқуды насихаттаудың озық үлгісі ретінде Баянауыл аудандық кітапханасы 2019 жылдан бастап «Кітап оқып — рухани бай бол» жылжымалы-ақпараттық кітапхана жобасы аясында жұмыстар жүргізеді.

Мақсаты – елімізде оқуға қолдау көрсету, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау және мемлекеттік қызметкерлердің назарын кітап оқуға аудару, олардың уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

Жобаға сәйкес кітапхана қызметкерлері түрлі басқармаларға барып, кітапханалық қызмет көрсетеді. Басқарма қызметкерлерлері кітапхана қорымен танысып, қажетті әдебиеттерін жаздырып алуларына мүмкіндігі мол.









    1. «Балалыққа кітаппен барар жол» — оқу жобасы 

Жобаның мақсаты:

      • — Әр түрлі жастағы жасөспірімдер мен кітапханашы арасындағы бірлескен жұмысты жүйеге қою;
      • — Әр кітаптың өз оқырманын табуға жол ашу;
      • — Балалар арасында әдеби-мәдени кештер ұйымдастыру;

Кітапханада жазғы демалыс уақытында аудан бүлдіршіндері үшін оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашылық топтардың демалыс және басқосу орны болып отыр. Кітапхана кішкентайдан кітап оқуға үйрететін «Жаз, кітап және мен» жазғы оқу бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп келеді. Жүргізіліп отырған барлық жұмыс оқырмандарды таныту және дамытуға бағытталған. «Оқу залы» қашанда қызыққа толы. Бұл жерде кішкентай оқырмандармен дамытушы әдеби ойындар, конкурстар, викториналар, рөлге бөліп оқулар ұйымдастырылады. Ал ойындарда кішкентай білімді бүлдіршіндерді жеңіске жетуге жетелейтін қызықты энциклопедиялар, түрлі бағдарламалар, фильмдер көрсететін үлкен LED экран бар.

Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос табуға, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізеді.

Балалардың жазғы демалысына орай оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында Шәкен Айманов ЖОББМИ мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. «Кітап әлеміне – жазғы саяхат» атты шара, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Баянауыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің мамандарымен «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік іс-шаралар өтті. 1-4 сынып оқушыларына «Квест» ойыны ұйымдастырылды. Балалар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты. «Ертегілер елінде», ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды.

Өткізілген шара оларды қатты кызықтырып, үлкен әсер қалдырып, көптеген балалар қызықты кітап әлеміне қайта келіп тұруға ниеттерін білдірді.

Жаз айында кітапханаға оқырмандарды көптеп тартып, бүлдіршіндерді кітап патшалығымен таныстырып, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхана тек мектеп оқушыларымен ғана емес, сонымен қатар балабақшалармен де әрдайым тығыз байланыста жұмыс атқарады. Оның бір айғағы балабақша бүлдіршіндеріне арнап өткізілетін «Ертегілер еліне саяхат» атты экскурсия. Ал саяхат соңында кітапханашылар бүлдіршіндерге тосын сый жасап «Сиқырлы әлем» қуыршақтар театрың, «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін көрсетті.

 

1. «Оқы, талқыла, суретте» жобасы

    Жоба мақсаты: 

Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырумен қатар олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамдарын кеңейту, көркемсөз бен табиғаттың үндестігін сезіндіру арқылы шығармашылық әуелеттерін ашу, танымдық белсенділіктерін арттыру.

Жобаның  міндеттері:

⦁ Кітап оқуды ілгерілету;
⦁ Ой-өрісін кеңейтіп, пікірін жеткізіп, өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік туғызу;
⦁ Оқырмандарға оқыған кітаптарын талқылауға арналған шаралар ұйымдастыру;
⦁ Сурет салу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
⦁ Қордағы әдебиеттерді насихаттау.
Оқырман тобы: Балалар мен жасөспірімдер

       Жоба маңыздылығын негіздеу:

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Балаларға эстетикалық тәрбие беруде жаңа жұмыс әдістерін қолдану өте маңызды. Дарынсыз балалар болмайды. Барлық балалар дарынды. Сол дарындарды тауып, көріп, ашу қажет. Қызықты шаралар арқылы, жанына жағымды істермен оқыған кітаптардың жақсы әсерімен ғана баланың шығармашылығы дами алады. Жоба аясында ұйымдастырылатын шаралар арқылы кітапхананың жас оқырмандары кітап оқумен қатар оқыған кітаптары туралы пікірлерін білдіріп, ойларын өз шығармашылықтары арқылы жеткізуге мүмкіндік алады.

 

               

 

    1. «Мейрімділікке құштар болайық» жобасы

Қазір көптеген кітапханалар жаңа техникалармен қамтылған. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі балаларға кітапханада танымдық қызығушылығын арттыру үшін аудио, видео мультимедиялық материалардарын пайдалану керек. Көруден зағип балаларға теледидардан мультфильм көрсетіп немесе кітапхананың әлектронды кітап қорларын СD, DVD дисклары арқылы оларға қызықты ертегі кітаптарын қойып беруге мүмкіндік бар.

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бұл жобаның мақсаты – мүгедек жандардың сұраныстарын қанағаттандыру, уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімдерінің қызметкерлері жоспарлы түрде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне кітаптар апарып, насихаттайды. Жоба аясында кітапханашылар түзету мектеп-интернатының ұстаздарымен және оқушыларымен есепте тұрған балалармен жұмыс жүргізіп келеді.

Жобаның мақсаты:

— Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қоғамның дамуына белсене араластыру, әлеуметтік маңыздылығын қалыптастыру;

— Мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелері мен әлеуметтік бейімделуіне көпшіліктің назарын аударуға бағытталған түрлі акциялар жасау;

— Рухани байлығын дамыту, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, түрлі шараларға қатыстыру арқылы жүзеге асыру.

                                                        КЛУБТАР

 

            «Сиқырлы әлем» әдеби танымдық клубы
Клубтың мақсаты:

балалардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық-танымдық белсенділіктерін арттыру, ұлттық және әлемдік балалар әдебиетін оқуға тарту.

 Клубтың міндеттері: 

1. Баланы рухани және шығармашылық жағынан жетілдіру, жан-жақты болуға тәрбиелеу;
2. Кітап оқуға, кітапханаға тартуға және кітапты насихаттауға бағытталған мәдени шаралар ұйымдастырып, бос уақытты тиімді өткізуге ықпал ету.
Клуб қатысушылары: Жас аралығы шектеусіз.
Клуб өз жұмысын қоғамдық және шығармашылық ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлестіре жүргізеді.