Есенов Ержан

1917 жылдың 17 тамызында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1990 жылы Павлодар облысы Майқайың ст. қайтыс болған.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылы сәуірде шақырылған. Батыс майданы 33-ші армия 222-ші атқыштар дивизиясы 774-ші атқыштар полкінің 9-шы атқыштар ротасы құрамында атқыш; 3-ші Беларус майданы 5-ші армия 63-ші атқыштар дивизиясы 226-шы атқыштар полкінің 1-ші атқыштар батальоны құрамында пулеметші ретінде, 3-ші Белорус майданы 157-ші атқыштар дивизиясы 384-ші атқыштар полкі құрамында соғысқан. 1944 жылы жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданы «Найзатас» кенішінде, Майқайың ст. карьерасында алтын іздеуші болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Орден. Отечественной войны II степени; медальдар.  «За отвагу», «За боевые заслуги», «Еңбек ардагері»,  мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.»,  белгі; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».