Жақыпов Жоңқабай

1922 жылы Баянауыл ауданының Қарабұлақ мекенінде дүниеге келген. Жасынан атқа құмар, темірден түйін түйген ұста, ақын жанды адам болған. Омбы қаласында оқып жүрген жас соғыс басталысымен әскер қатарына шақырытылып, атты әскер сапына алынды. Майдан шебінде жүргенде ауыр жарақат алып туған еліне қайтарылады. Елге оралған соң біраз жыл бойы соғыс салған жараның орны тез арада біте қоймайды. Арада біраз уақыт өткен соң еңбекке едәуір жарамды болып қалған майдангер ауыл тіршілігіне де араласа бастайды. Жергілікті жердің дүкен менгерушісі, есепші болып еңбек етеді. Ардагер өмірден 1998 жылы өтті.