Жамаханов Жұмаш

1905 жылдың 3 қазанында туған.Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 1977 жылдың 13 шілдесінде қайтыс болған, Павлодар қ.

Атағы. Аға сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың желтоқсанында шақырылған. 42-ші жеңіл артиллерия бригадасының 200-ші жеңіл артиллерия полкі құрамында батарея телефоншысы; Бас қолбасшылық Резервіндегі 13-ші артиллериялық бұзып өту девизиясы 42-ші жеңіл артиллерия бригадасының 204-ші жеңіл артиллерия полкі құрамында зеңбірекші ретінде соғысқан (Брянск, Воронеж, Солтүстік-Батыс, 1-ші, 2-ші, 4-ші Украина майдандары. Белгород, Орел ққ. (РКФСР), Белоруссияны, Украинаны, Польшаны, Румынияны, Чехославакияны, Германияны азат етуге қатысқан. 1945 жылдың қарашасында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Галкин аудандық сауда бөлімінде меңгеруші, Павлодар облыстық «Востокзоготзерно» кеңесінде аға экономист, кадр бөлімінің басшысы, Павлодар қ. ұжымшар базары басқармасында инспектор, Павлодардағы «Главсахарсбыт» базасында экспедитор, Павлодар облыстық «Звезда Приитышья» газетінің редакциясында есепші-кассир болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Орден. Отечественной войны I степени, Славы III степени; медальдар: «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», мерейтойлық медальдар «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  белгілер: «Отличный артеллерист», «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».