Жанұзақов Константин (Қабыш) Сергейұлы

1917 ылы 7 қарашасында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы;

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1938 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына 335-ші, 342-ші атқыштар полктері құрамында; 6-шы жеке шаңғы полкі құрамында взвод командирі көмекшісі ретінде қатысқан. Ханко түбегін, Ленинград қ. (РКФСР) қорғауға, Беларуссияны азат етуге қатысқан.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Екібастұз қ. прокурорының көмекшісі болып істеген.

Марапаттары. Орден.Отечественной войны I степени, Славы III степени; медаль: «За оборону Ленинграда», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг»; «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары;  белгі: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне».