Жигалова (Кузьмицкая) Мария Павловна

1922 жылдың 4 желтоқсанында туған, Белорусь Республикасы Могилев облысы Могилев ауданының тумасы. 2009 жылы 28 маусымда қайтыс болған, Павлодар қ.

Әскери білімі, мамандығы. Могилев фармацевтік мектебі (1941),  дәріхананың жоғары дәрежелі қызметкерінің көмекшісі.

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың 1 шілдесінде шақырылған. № 3283 эвакуациялық емханасында дәріхана басшысының көмекшісі, басшысы ретінде соғысқан. 1945 жылдың 11 желтоқсанда әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Дәріханада (Украин КСР Черновцы қ.) жоғары дәрежелі қызметкерінің көмекшісі, Баянауыл ауданы Баянауыл кентінің №4 дәріханасында дәріхананың жоғары дәрежелі қызметкерінің көмекшісі, меңгеруші, Павлодар облыстық дәріхана басқармасының дәріхана қоймасына (Павлодар облысы) тауаршы болып істеген.

Марапаттары. Орден Отечественной войны II степени; медальдар  «Еңбек ардагері», «За освоение целинных земель»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»,  «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгілері: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «1941-1945 жж. соғыс ардагері», «Отличник здравоохранения СССР».