Жиенбаев Саруар Жиенбайұлы

1910 жылы желтоқсанда туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1994 жылы 5 тамызда қайтыс болған.

Әскери білімі. Мамандығы. 49-шы армия жанындағы кіші саяси жетекшілер курстары (1943), батальонның партия ұйымдастырушысы.

Атағы. Гвардия капитаны.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 30-шы гвардиялық атқыштар дивизияның 98-ші гвардиялық атқыштар полкі құрамында; 16-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 49-шы гвардиялық атқыштар полкі құрамында атқыштар батальонының партия ұйымдастырушысы; 51-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 156-шы гвардиялық атқыштар полкі құрамында (Брянск, Батыс, Калинин, балтықбойы нөмірі көрсетілмеген майдандары) батальонның партия ұйымдастырушысы, атқыштар батальоны командирінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары ретінде соғысқан. 1947 жылдың шілдесінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан КП(б) Алматы қалалық комитетінде нұсқаушы, Қазақстан КП(б) Павлодар қалалық комитетінде нұсқаушы, Павлодар облысы Қазақстан КП(б) аукомында (аудан атауы көрсетілмеген) 2-ші хатшы, Қазақстан Компартиясы Павлодар облысында нұсқаушы, Каганович ауданы «Жолқұдық» кеңшарының бастауыш партия ұйымында хатшы, Куйбышев ауданының Харьков ЖТС экспедитор, Ермак ауданының 21 год Октября артерінде төраға, Ермак ауданы «Ленин Жол» кеңшарының разъезінде кассир, Ертіс-Қарағанды каналы құрылысы басқармасының кадрлар бөлімінде (Павлодар облысы) басшы болып істеген.

Марапаттары. Ордендер.  Красного Знамени, Отечественной войны I степени, Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За освоение целинных земель», «За трудовое отличие».