Жимайлов Зекен Исаұлы

1923 жылдың 12 қаңтарында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 2005 жылдың 25 сәуірінде қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Атағы. Гвардия сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1943 жылдан кеш емес мезгілде шақырылған. 6-шы гвардиялық механикаландырылған полк құрамында атқыштар бөлімшесінің командирі ретінде соғысқан. Ясск-Кишинев операциясына, Австрияны, Венгряны, Румынияны, Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1947 жылдың сәуірінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Тракторшы (РКФСР Новосибирск облысы), Павлодар облысы Баянауыл ауданының  «Қарасу» кеңшарында жұмыс істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны II степени, Красной Звезды; медальдар «За взятие Вены», «За освободение Праги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің елу жылдығы», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жыл», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі; белгілер: «25 лет Победы в Великой Отечественной войне», «1941-1945 жж. соғыс ардагері».