1910 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, № 14-ші ауылында туған. Майқайын кен басқаруда 1932 жылдан бастап жұмыс істеген. Шоптікөл аймағында №2, №3 тау учаскесінде кен қазушы болып еңбек етті. 1942 жылы наурыз айында Баянауылдың әскери комиссариаты арқылы әскерге шақырылған. 1942 жылдың шілде тамыз айларында Ұлы Отан соғысына аттанған. 199 – атқыштар дивизиясында – атқыш болған. 1942 жылдың аяғы – 1944 жылдары ақпан айына дейін Германияда тұтқында болған. 1945 жылы Жоғарғы Совет жарлығымен ақталып шықты. КСРО Жоғарғы Кеңес Президиум жарлығымен мынындай наградалар алды: «Германияны жеңгені үшін», «Жеңіске 25 жыл», «КСРО қарулы күштеріне 50 жыл» және басқа медальдармен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңес бұйрығымен 1945 жылы әскерден қайтқан. 1946 жылы Стартартель жер астына забойщик болып жұмысқа орналасты. 1965 жылы жасы келген соң зейнетке шықты. 1976 жылы дүниеден өтті.