Құрметті жас оқырман!
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітапты» оқу таңдалып алынды
Соның ішінде, балалар әдебиеті жанры бойынша Ыбырай Алтынсаринның «Өнер-білім бар жұрттар», Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» шығармасы мен Марат Қабанбаевтың «Жиһангез Тити», Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн», Зира Наурызбаева мен Лиля Калаустың «Алтын тостағанды іздеу», Мәди Айымбетовтің «Бар болғаны он төрт жас» атты шығармаларын оқуға шақырамыз!