2021 жыл Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп жарияланды. Еліміздің дамуы мен келешегі балалар мен жасөспірімдердің білімі мен рухани дамуына тікелей байланысты.
Баянауыл орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі 2-7 сәуір күндері аралығында дәстүрлі Балалар кітабының апталығын жариялайды. Дәстүрлі түрде өткізілетін кітап мерекесі балаларға кітаппен қауышу қуанышын сыйлап, үлкендерге балалардың кітап оқуының маңыздылығын естеріне салып, жалпы жұртшылықты балалардың кітап оқуы мәселесіне назар аударады. Апталықтың әр күні қызықты және танымдық іс-шараларға толы болады.