1926 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл селосында дүниеге келген.
Әскери білімі. Зенитші, атқыш.
Атағы. Қатардағы жауынгер.
Әскери жолы. 1943 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақыртылып Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1943 – 1945 жылға дейін екінші Белоруссия шайқасында зенит – ракета әскері қатарында болды. 1945 – 1950 жылдары Мәскеу облысында әскери борышын жалғастырды.
Ұлы Отан соғысының жауынгері абыроймен елге оралғасын туған жердің еңбегіне қызу араласып, 1950 жылдан 1956 жылға дейін «Майқайыңалтын» комбинатына қарасты Жосалы кенішінде 6 – дәрежелі ұста болып жұмыс атқарды .
1960 жылдан бастап Жосалы ауылында құрылыс шебері, ауыл директорының орынбасары, жұмыс комитетінің председателі, прораб қызметін атқарған.
1975 жылы 10 маусымда дүниеден өтті.
Марапаттары. Отечественной войны II степени ордені; «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жанқиярлық еңбегі үшін», Берлин қаласында қоршауда қалған неміс әскерін талқандауда тамаша жауынгершілік әрекеттері үшін Кеңес Одағының маршалы Сталин мырзадан Алғыс хат алды.