1905 жылы дүниеге келіп, 1941 жылы Майқайың кентінен Баянауыл комиссариаты арқылы соғыс майданына аттанған.
Алғашқы шайқасын Ржевск қаласы маңында өткерген. Исмағамбетов Қабдолла соғыста сопер қызметін атқарып, ефрейтор болып қайтқан екен. Кейін Ленинградты, Кеңес Одағының солтүстігін Норвегия және Финляндия жерлерін неміс басқыншыларынан азат еткен шайқастарға қатысқан. 1945 жылдың 18 шілдесінде Исмағамбетов Қабдолла Кеңес әскері қатарынан босатылып бөлім командирінен Қызыл армия әскеріне адал қызмет еткені үшін мақтау қағазы мен бейбітшілік кезеңде де сәтті қызмет атқарғаны үшін марапатталды.
Соғыстан кейінгі уақытта «Майқайыңалтын» комбинатында бригадир болып, кен комбинатындағы адал қызметі мен еңбегі үшін медальмен марапатталып, есімі «Майқайыңалтын» комбинатының құрмет кітабына жазылады.
Қабылда ата 1985 жылы дүниеден озып Баянауыл киелі топырағында жерленген.
Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандығы үшін ІІІ дәрежелі мадақ орденімен, «Кеңес Одағының Солтүстік қорғанысы үшін» медалімен, «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалімен және «Үздік сапер» белгісімен марапатталады.