Көшербаев Ахат Әбдірахманұлы

1921 жылы 15 тамызында туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы; 1993 жылы 2 қазанында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери білімі. Тамбов әскери-жаяу әскер училищесі (1942).

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 17 мамырында шақырыллған. Волхов майданының 8-ші армиясы 33-ші атқыштар бригадасы 2-ші батальонының пулеметшілер взводы құрамында барлаушы ретінде соғысқан. РКФСР Ленинград облысы Синявино ауылы аумағында Ленинград блокадасын бұзып өтуге қатысқан. 1943 жылдың 1 қаңтарында жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. «Майкаинзолото» комбинатының № 1 фабрикасында тасушы, Майқайың кенті кеңесі жанындағы карталық бюрода басшы орынбасары, Майқайың кенті кеңесінде жауапты хатшы, Баянауыл аудандық ішкі істер бөлімінде жедел қызметкер, «Экибастузшахтострой» комбинатында (Павлодар облысы) шебер, прораб, инженер болып істеген.

Марапаттары. Орден: Отечественной войны II степени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За боевые заслуги»; мерейтойлық медальдар «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».