1919 жылы туған, Павлодар облысы, Баянауыл ауданының тумасы;
Әскери мамандығы. Атқыш.
Атағы. Лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1940 жылдың 6 ақпанында шақырылған. Ұлы Отан соғысында 91-ші атқыштар дивизиясы 55-ші химиялық қорғау жеке ротасы құрамында (Ленинград, Оңтүстік, 1-ші, 2-ші Балтықбойы, 4-ші Украин майдандары) взвод командирі ретінде соғысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Алексеев ауылдық тұтыну қоғамында бухгалтер, жылқы тауар фермасының меңгерушісі, «Заря» ұжымшарының төрағасы, Алексеев ауылдық кеңесінің төрағасы, «Алексеев» кеңшарының зоотехнигі, директордың орынбасары болып істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).
Марапаттары. Красного Знамени, Красной Звезды ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» медалі; «Двацать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медалі.