1916 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауылында дүниеге келген. Мектептегі аяқтаған соң «Сталин» атындағы колхозға келіп жұмыс атқарған.
1942 жылы күзге қарай әскер қатарына алынып соғысқа аттанады. Содан еліміздің оңтүстік өңірінде Иран шекарасында атты әскер қатарында болып, 1945 жылы қыркүйекте елге оралады. Соғыстан ерлік істері үшін «1941 – 1945 жылдардағы ҰОС Жеңіске 30, 40, 50 жыл» мерекелік медальдармен және басқа да ордендермен марапатталған.
Бейбіт жылдары еңбекке араласып, тракторист, комбайнер болып еңбек етеді. 1960 жылы Баянауыл селосында еңбек жолын жалғастырды. Соғыста көрсеткен өшпес ерлігі үшін «Октябрь революционері» орденімен, «Қызыл ту» орденімен, 1972 жылы «Қаз ССР – ның еңбек сіңірген қызметкері» атағын алды. Бүкіл одақтың выстовкашысы 3 медалімен: 1 – алтын, 2 – күмісті иеленді. Қайсар майдангер 1989 жылы 73 жасында өмірден өтті.