Қабланов Кенебай

1917 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Ефрейтор.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 193-ші дивизия артиллериясы қолбасшысының взвод басқармасы құрамында (Брянск, Орталық, 1-ші, 2-ші Белорус майдандары) телефоншы, линиядағы бақылаушы ретінде соғысқан. Польшаны азат етуге қатысқан. 1946 жылдың маусымында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Каганович ауданы «Потанин» кеңшарының фермасында зоотехник, қоймасында меңгеруші, фермада басқарушы, Каганович ауданының Потанин кеңшар жұмысшылары кооперативінде (Павлодар облысы) сатушы болып істеген.

Марапаттары. Орден: Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За освобождение Варшавы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».