Қабылов Қаби

1924 жылдың 9 мамырында туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Телефон станцияларының маманы (МВ, ОБ, АТС).

Атағы. Қатардағы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. 30-шы атты әскер полкі құрамында (2-ші Белорус майданы) атқыш, 1-ші Украин майданының 2-ші гвардиялық атты әскер дивизиясы 4-ші гвардиялық атты әскер полкі құрамында 2-ші эскадронның атты әскері ретінде, 1-ші жеке атты әскер дивизиясы құрамында соғысқан. Смоленск түбіндегі шайқастарға, Киев, Польшаны, Чехославакияны азат етуге қатысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақ КСР ІІМ Павлодар облысы бойынша басқармасының    № УЛ-15416 түзету-еңбек колониясында бақылаушы, атқыш; Майқайың байыту фабрикасында (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) слесарь, қойылтушы, электрослесарь болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалі, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жыл», «60 років вызволення Украіни від фашистських загарбників» Украина; белгісі: «1941-1945 жж соғыс ардагері».