Қажыкенов Жанапия

1907 жылы қазіргі Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Сарықамыс артелінің мүшесі болып, 1937 жылы партия қатарына өтеді.

Әскери шені. Қатардағы жауынгер.

Қиын кезең келіп жеткенде жас жігіт қаруды қолына алып, Отанын жаудан азат етуге аттанады. Кескілескен шайқастардың ортасында жүріп, 1942 жылы ауыр жарақат алады. Жарақаты әрмен қарай шайқасуға мұрша бермей, туған еліне қайтады.