Қайырбеков Шапағат Қайырбекұлы

1922 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы; 1992 жылдың 16 мамырында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери білімі. Омск әскери-жаяу әскери училищесі (1943).

Атағы. Гвардия аға сержанты.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 18 қазанында шақырылған. 92-ші атқыштар дивизиясы құрамында бөлімше командирі; 89-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының 267-ші гвардиялық атқыштар полкі 6-шы атқыштар ротасы құрамында кеңсе хатшысы-каптенмуса ретінде соғысқан. Украинаны, Польшаны азат етуге, Берлинді алуға қатысқан. 1945 жылдың желтоқсанында әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Павлодар ұжымшарлық мектебінде мұғалім, Павлодар облыстық мал шаруашылығы бөлімінде ірі қара мал зоотехнигі, Павлодар аудандық мал шаруашылығы бөлімінде бас зоотехник, Май аудандық шаруашылығы бөлімінде меңгеруші, Ленин МТС аумағы бойынша Қазақстан Компартиясы Ермак аукомында «Пограничник» кеңшарының партия ұжымында хатшы, Павлодар ауданы «Чекат» кеңшарының фермасында зоотехник, Ермак ауданының «Путь Ильича» кеңшарында экономист, Ертіс ауданының Ертіс МТС, Май ауданының «Май» кеңшарында, Лебяжі ауданының «Қызылқоғам», «Лебяжі» кеңшарында (Павлодар облысы) бас зоотехник болып істеген.

Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За освобождение Воршавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», мерейтойлық медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».