Қамбалов (Қамболов) Рақым

1922 жылы 10 қаңтарда туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында туған.

Атағы. Сержант.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 5 қаңтарында шақырылды.     3-ші дивизион басқармасының радисті, 372-ші атқыштар дивизиясы құрамында (Волхов, 2-ші Белорус майдандары) 941-ші артиллериялық полкінде рация бастығы ретінде соғысты. Курск доғасындағы шайқасқа, Сталинград қаласының қорғанысына, Смоленск, Брянск, Орел, Курск, Белгород қалаларын (РСФСР), Польша, Румыния, Эстония азат етуге қатысты.

Еңбек жолы. «Иртышуглестрой» тресінің шебері (Павлодар облысының Екібастұз қаласы)

Марапаттары. Ордендер:  «Отечественной войны І степени», «Славы ІІІ степени»; медальдар: «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».