1922 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Атағы. Қатардағы.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА қатарына 1942 жылдың ақпанында шақырылған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1945 жылдың ақпанында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Баянауыл ауданының жер комитетінде жұмыс істеген, «Жаңа Ұйым» ұжымшарында зоотехник, Баянауыл аудандық уәкілетті дайындамалар министірлігінде агент, Жамбыл ат. ұжымшарда СТФ меңгерушісі, «Большевик» ұжымшарында бухгалтер; «Жаңа-Тлек», «Жаңа-жол» ұжымшарының партия ұйымында хатшы, бухгалтер; Ленин ат. ұжымшарда төраға; № 2 фермада басқарушы, «Александров» кеңшарыныңауылдық кеңесінде төраға, ХХІ съез КПСС ат. кеңшарда (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) басқарушы болып істеген.
Марапаттары. Мерейтойлық медаль: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».