1910 жылдың 25 қазанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери білімі. 7-ші жеке армияның 27-ші оқу-артиллериялық полкі.
Атағы. Гвардия аға лейтенанты.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың шілдесінде шақырылған. 7-ші жеке армияның 314-ші атқыштар дивизиясы 1074-ші атқыштар полкінің 2-ші атқыштар ротасы құрамында саяси жетекші; 7-ші жеке армияның 272-ші атқыштар дивизиясы 1-ші атқыштар ротасы құрамында рота командирінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары; 65-ші армияның 27-ші гвардиялық механикаландырылған дивизиясы 86-шы гвардиялық механикаландырылған полкінің артиллериялық дивизионы 2-ші 76-мм зеңбіректер батальоны құрамында; 18-ші атқыштар корпусының 37-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 109-шы гвардиялық атқыштар полкінің 76-мм зеңбіректері батареясының (Батыс, Сталинград, Орталық, Белорус майдандары) атыс взводы командирі ретінде соғысқан. Белоруссияны, Польшаны, Германияны азат етуге қатысқан. 1946 жылдың 6 тамызында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Қазақстан Компартиясы Павлодар обкомының ауыл шаруашылығы бөлімінде нұсқаушы, Каганович ауданының Амангелді ат. Галкин ауданының Амангелді ат. ұжымшарында (Павлодар облысы) төраға болып істеген.
Марапаттары. Ордендер: Отечественной войны І степени, Отечественной войны ІІ степени (екеу), Трудового Красного Знамени; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За освобождение Варшавы», «ZaWarszawe 1939-1945» (ПХР).