Қошанов Төлеутай

1923 жылы 20 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1941 жылдың қыркүйек айы мен 1942 жылдың ақпан айы аралығында автомектептің курсанты. 1942 жылдың желтолқсан айынан бастап Кеңес аскерінің қатарына алынып, әскуери борышын өтеді. 1943 жылдың наурыз айында майданға шақырылып, 1944 жылға дейін Белорус фронтында бөлім командирі ретінде 8 ші гвардиялық  Панфилов дивизиясының пулеметчигі болып соғысты. 1944 жылдың қараша айында Алыс Шығыс фронтқа ауыстырылған. Мерген болып қайта даярлаудан өткен. Мотоатқыштар полкына басшылық еткен генерал-майор Н.С.Лапотенконың ұсынуымен мотоатқыштар полкының командирінің орынбасары болып тағайындалған. Жарақат алған. 1947 жылға дейін неміс-жапон соғысының екінші фронтында соғысқан. Соғысты 149 мотоатқыштар полкының сержанты болып аяқтады. 1947 жылы соғыстан демобилизацияланып, өз ауданына оралған. Еңбек жолын аудандық өндіріс комбинатында жүргізушы болып бастаған. 1962 жылы шілде айында комунисттік партия құрамына қабылданады. 1969 жылы 16 наурызда Баянауыл селолық округінің депутаты болып сайланады. 1950 жылы отбасын құрып, он баланы тәрбиелеп өсірген.

Марапаттары: Отечественной войны ІІ степени ордені; «За победу над Японией» медалі; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»;  Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлық медальдар.