Қуатов Әбілқасым Елбосынұлы

1910 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Әскери мамандығы. Пулеметчик.

Атағы. Қатардағы

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың тамызында шақырылған. 248-ші атқыштар дивизиясының құрамында станокты пулеметтің 2-ші нөмірі ретінде соғысқан. Украинаны азат етуге қатысқан. 1943 жылдың қыркүйегінде жаралануына байланысты әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Қазақстан Қ(б)П Павлодар обкомында нұсқаушы, Лебяжі ауданы № 23 кеңшарда партбюро хатшысы, Қазақстан Компартиясы Лебяжі ауданық комитетінде бөлім меңгерушісі, Лебяжі ауданы «Лебяжинский» кеңшарында партком хатшысы, Лебяжі құрылыс-монтаж басқармасында кадрлар бөлімінің инспекторы, басшысының орынбасары, Лебяжі аудандық өндірістік ауыл шаруашылық басқармасында кадрлар бойынша аға инженер-инспектор болып істеген (Павлодар облысы).

Марапаттары. Медальдар: «За отвагу», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне».