Майпенов Әбілда

1909 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған; 2001 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылында қайтыс болған.

Жауынгерлік жолы. Ұлы Отан соғысы кезінде Ирандағы  ЖШҚА әскері тобының  кавалериялық дивизиясы құрамында қызмет етті.

Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданы «40 лет Октября» кеңшарында малшы, жылқышы болып жұмыс істеді.

Марапаттары. «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг», «Ветеран труда» медальдар; «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдар; «25 лет Победы в Великой Отечественной войне» төсбелгісі.