1902 жылы туған, Ресейдің Ярославск уезі Норское аулының тумасы.
Әскери мамандығы. Командирдің саясат жөніндегі орынбасары.
Атағы. Майор.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына Калинин майданы 234-ші дивизия 357-ші жеке медициналық – санитарлық батальон құрамында әсери комиссар; 49-шы армия 70-ші атқыштар дивизиясы 397-ші жеке медициналық-санитарлық батальон құрамында командирдің саясат жөніндегі орынбасары ретінде қатысқан. (Орталық, 2-ші Белорус майдандары).
Еңбек жолы. «Баянауыл» кеңшарының есеп жүргізушісі, «Южный» кеңшарының жұмысшысы болып жұмыс істеген (Павлодар облысы Баянауыл ауданы).
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды
ордендері; «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. » медальдары.