1912 жылы туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.
Әскери білімі. Харьков брондытанкілік училищесі.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. 2-ші Украин майданының 53-ші армиясы 49-шы атқыштар корпусының 60-шы жеке байланыс батальоны құрамында ротаның партия ұйымдастырушысы ретінде соғысқан.
Забайкалье майданының әскерлері құрамында Жапониямен соғысқа қатысқан. 1946 жылдың қаңтарында әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Қазақстан Компартиясы Павлодар облысының а/ш бөлімінде нұсқаушы,Куйбышев ауданының Чкалов атындағы кеңшарында директор, Май ауданының Май кеңшарында және Павлодар «Заготзерно» пунктінде директор, Қашыр өндірістік басқармасы «бағоныс»кеңшарының партия ұйымында хатшы болып істеген.
Марапаттары. Орден Красной Звезды; медалі: «За боевые заслуги».