1912 жылы 12 қазанда туған. Украина, Донецк облысы Харцызск қаласының тумасы.
Әскери білімі, мамандығы. Қызыл Армияның әскери-саяси училищесі (1942 г.).
Атағы. Майор.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың маусымында шақырылған.Ұлы Отан соғысына 3-ші Екпінді Армияның 100-ші жеке атқыштар бригадасы құрамында 120мм-лік минометтер батареясы командирі ретінде; 2-ші Белорус майданында 1-ші атқыштар дивизиясы 415-ші атқыштар полкінде батарея командирі ретінде қатысқан. 1946 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Сахнов аудандық еңбекшілер депутаттары атқару комитетінің жанындағы малшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, зоотехнигі,Украина Компартиясы Харьков облысы Сахнов аудандық комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, хатшысы (Украина); Қазақстан Компартиясы Павлодар облысы Баянауыл аудандық комитетінің 2-ші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Куйбышев аудандық комитетінің 1-ші хатшысы; Павлодар қаласындағы комбайн заводының директорының кадрлар және тұрмыс жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеген.
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Красной Звезды, «Трудового Красного Знамени» ордендері; «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945г.г.»; «За освобождение Варшавы» «За освоение целинных земель» медальдары.