1915 жылы 9 мамырда Павлодар облысы Баянауыл аумағында «Желтау» өңірінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1935 жылы «Сталин» калхозында механизатор болып бастаған. 1937 жылы әскер қатарына алынып, 1938 жылы Севастопаль қаласынан Финляндия соғысына аттанады. Одан соң 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысына қатысып, аман есен жеңіспен елге оралады. 1946 жылдан бастап Лекер қажы ауылында жұмыс істейді. 1949 жылдан 1956 жылға дейін «Жосалыалтын» руднигінде слесарь болып ұмыс істеді. 1956 жылдың тамыз айынан бастап Лекер қажы ауылында механизатор болып жұмыс істеді. 1975 жылы мамыр айында еңбек демалысына шығып, өмірінің ақырғы күніне дейін Лекер қажы ауылына тұрады. 1997 жылы 25 қарашада қайтыс болды.
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени, Ленин ордендер; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлық медальдары; белгі «За трудовое отличие».