1919 жылы туған. Павлодар уезі Баянауыл болысының Қызылтау ауылының тумасы. 2008 жылы қайтыс болған.
Әскери мамандығы. Атқыш.
Атағы. Аға сержант.
Жауынгерлік жолы. Ұлы Отан соғысында 5-ші Армияның 65-ші атқыштар корпусының 190-шы атқыштар дивизиясының бөлімше командирі ретінде соғысқан. Халкин-Гол көліндегі ұрыстарға және Кеңес-жапон соғысына 1-ші Қиыр-Шығыс майданының құрамында қатысқан. 1947 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Майқайың кентінде Азық-түлік жабдықтау қызметінде, Павлодар облысының Баянауыл ауданының «Октябрьдің 40 жылдығы» кеңшарында дайындаушы болып жұмыс істеген.
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «Ветеран труда» медалі; «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», медаль Маршала Советского Союза Жукова Г.К. мерейтойлық медальдары; «Ветеран войны 1941-1945 г.г.» төсбелгісі.