1919 жылы туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 2011 жылдың 19 тамызында Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Александровка ауылында қайтыс болған.
Әскери мамандығы. 82 мм және 120мм минометтердің минометшісі.
А тағы. Кіші сержант
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылдың 10 қазанында шақырылған. Ұлы Отан соғысында Бас Қолбасшылық Резервінің 31-ші жеке миномет бригадасының 553-ші миномет полкінің 4-ші батарея құрамында миномет нысаншысы ретінде соғысқан. 1945 жылы әскерден қайтарылған.
Еңбек жолы. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында жұмыс істегеп, сонда тұрған.
Марапаттары. Отечественной войны ІІ степени ордені; «За отвагу», «За боевые заслуги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.» медальдары.