1923 жылы 10 қазанда туған. Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы. 2002 жылдың 25 қарашасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Әскери білімі, мамандығы. Ф.Энгельс атындағы Ленинград әскери-саяси училищесі (1944 ж.).
Атағы. Лейтенант.
Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1942 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысына зеңбірек нысанашысы ретінде, 4-ші гвардиялық әуе-десанттық дивизияның 6- шы жеке танкке қарсы жойқыш дивизионы құрамында ТҚМ- бөлімшесінің командирі ретінде қатысқан. (Орталық, 1-ші, 2ші Украин майдандары).
Еңбек жолы. Ресей Федерациясы Горький облысының ІІМБ-ның органдарына қызмет етті, Семей облыстық ІІМБ бастығының орынбасары, бастығы, Қазақ ССР ІІ-нің қадрлар. Басқармасының бастығы, Қазақ ССР Ішкі Істер Министрінің орынбасары, КСРО ІІМ-нің ТІІББ-ның транспорттағы Шығыс басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.Милиция генерал-майоры.
Марапаттары. Отечественной войны І степени, «Трудового Красного Знамени», Красной Звезды (екеу), «Знак Почета» ордендері; «За отвагу», «За боевые заслуги» медальдары.