Лекер ауыл кітапханасының кітапханашысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы туралы.

Лекер ауыл кітапханасының кітапханашысы Алия Сулейменованың Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы туралы:Қазіргі кезде ауыл кітапханалары қайта жанданып, ауыл тұрғындарының еліміздің саяси- экомикалық және мәдени жаңалықтармен танысуына үлесін қосу да. Ауыл тұрғындары кітапхана қорындағы баспасөз басылымдарымен танысып қана қоймайды, өз ойларын ортаға салады. 1 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында ,,Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдау жасады. Биылғы жолдауда мемлекет басшысы әдеттегідей ел экономикасындағы дамуындағы маңызды факторлар саналатын салаларға тоқталды. Бес бастаманы айқындап тиісті органдарға айқындап нақты тапсырмалар берді. Мәдинет қызыметкерлер, мұрағатшылар кітапханашылар, техникалық қызметшілер,қорықшылар, көлік жүргізушілердің, және басқа әлеуметтік сала еңбеккерлерінің жалақысы көтеруді тапсырды.Ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуы халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аударды.Білім саласындағы өзгерістердің келешек ұрпақ үшін маңызы зор екенін атап айтты. Пандемияның өмірімізге кері әсер тигізіп жатқандығын жөнінде одан құтылуды ең оңай тәсілі екпе алу екендігін алға тартты. Мемлекет басшысы берген мүмкіндіктерін қалт жібермей ұтымды пайдалана білу керек деп есептеймін.

 

Instagram