Үмербаев Ақылбек

1912 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында туған.

1941 жылы Қызыл әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1944 жылы төрт саусағынан айрылып, ауыр жарақат алған соң елге қайтқан.

Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып қойшы болып еңбек еткен.

Ақылбек Үмербаев І дәрежелі «Ұлы Отан соғысының» ордені; «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» мерейтойлық медальдары

марапатталған.