Ысқақов Нүкен Әбдірашұлы

Ысқақов Нүкен Әбдірашұлы 1919 жылдың 9 мамырында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл а. тумасы; 1994 жылдың 1 желтоқсанында қайтыс болған, Павлодар облысы Екібастұз қ.

Әскери мамандығы.  Атқыш.

Атағы. Гвардия старшинасы.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1939 жылдың 25 қарашасында шақырылған. Ұлы Отан соғысына 64-ші атқыштар бригадасы, 132-шы, атқыштар дивизиясы құрамында батальон старшинасы; 349-шы артиллериялық полк құрамында (2-ші Белорус майданы) зеңбірек командирі ретінде қатысқан. Смоленск облысының Сычевка, Калуга облысының Малоярославец қалаларын (РКФСР) азат етуге қатысқан. 1946 жылдың сәуірінде әскерден қайтарылған.

Еңбек жолы. Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» комбинатында, «Экибастузуголь» ӨБ «Центральный» көмір разрезінің тауар маманы, материалдық-техникалық бөлімінің инженері, материалдық-техникалық бөлімінің басшысы, (Павлодар облысы) болып істеген.

Марапаттары.  Ордендер: Отечественной войны I степени, Красной Звезды; медальдар: «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Еңбек ардагері»; мерейтойлық  медальдар: «Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «Сорок  лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.»; белгі: «25 лет  Победы в Великой Отечественной войне».