Ізбасов Жүніс Ералыұлы

Ізбасов Жүніс Ералыұлы 1913 жылдың 20 ақпанында туған, Павлодар облысы Баянауыл ауданының тумасы.

Атағы. Гвардия капитаны.

Жауынгерлік жолы. ЖШҚА-ға 1941 жылдың маусымында шақырылған. Ленинград майданының әскерлері құрамында №990 далалық пошта станциясы  басшысының көмекшісі, Орталық майданның 1-ші әуе-десанттық корупциясы құрамында взвод командирі, Орталық майданның 41-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 4-ші штаб бөлімшесінің іс жүргізу меңгерушісі, Далалық майданның 41-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 124-ші гвардиялық атқыштар полкі штаб басшысының көмекшісі, ӘТ (Әскери тұтқындары) айырбастау бөлімшесінің командирі (2-ші Украин майданының «АГ» литер базасы, 3-ші Украин майданының «ВМ» литер базасы) ретінде соғысқан. Австрияны, Венгрияны, Чехословакияны, Югославияны азат етуге, Сталинградты қорғауға қатысқан.

Еңбек жолы. Ақмола облысы Молотов аудандық байланыс кеңесінің басшысы, Қазақ КСР байланыс Министрлігінің Талдықорған облыстық басқармасы басшысының орынбасары, Қостанай облыстық байланыс басқармасының, Алматы облысы Қаскелең аудандық байланыс кеңесінің басшысы, Қазақ КСР Байланыс министрлігінің Семей, Павлодар облыстық басқармалары басшысының орынбасары болып істеген.

Марапаттары. Орден Красной Звезды; медальдар: «За оборону Сталинграда», «За оборону Кавказа», «За взятие Будапешта», «За освобождение Белграда», «За взятие Вены», «За освобождение Праги», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.».