24 қараша Павлодар облысы «Парасат жолы» орталығының жұмысына қорытынды жасады. Бұл жобаның мақсаты жемқорлықсыз мәдениетті қауымды қалыптастыру.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Парасат жолы-қоғам айнасы» атты дөңгелек үстел өтті. «Парасат жолы» жобасын насихаттау мақсатында өткен бейнероликтер конкурсының қорытындысы бойынша келесі кітапханалар жүлделі орындарға ие болды:
1-орын С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана
2-орын Баянауыл аудандық кітапханасы
3-орын Павлодар ауданы орталық кітапханасы