Баянауыл орталық аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Шапық Шөкин атындағы 2 сынып оқушыларымен, «Тәуелсіздік күні- ұлы күн» атты тарихи саяхат өткізді.
Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, Тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғындыру.