Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы.

 

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай аудандық кітапхананың балалар әдебиет бөлімі көркемсөз оқу конкурсын жариялаған болатын.

Аталмыш конкурсқа 121 қатысушы қатысты. Қатысушылардың көптігіне және жас ерекшеліктеріне орай 2 топқа бөлінді. Үздіктер әділ-қазы алқаларының құлақ құрышын қандырды. Қ.Р-ның Мәдениет саласының үздігі Жамбы Мәшім Ипатқызы, ақын Жеңісбек Пәзілдің шешімімен келесі оқушылар жеңімпаз деп танылды.

1 топ бойынша Ербаева Жансезим, Марат Жансая, Қабдулжамит Ерасыл  ІІІ-орынды иеленсе,

Бейбіт  Айша, Шохат Айым – ІІ орынды иеленді.

І-орынға Сейсенбек Оразгелді мен Амангелді Сезім ие болды.

Кіші топ бойынша ерекше көзге түскен Шапық Шөкин атындағы 2 мектептің 2 «А» сынып оқушысы ЕРИКОВА ЖАНЕРКЕ Бас жүлдегер атанды.

 

2 топ бойынша Әубәкір Аружан, Қабдолла Айлана – ІІІ орын алса, Дүйсенбек Ердәулет, Айтмағамбет Абдірахим — ІІ орынды иеленді.

І-орынға Тортаева Аружан ие болды.

Ересек топ бойынша ерекше көзге түскен Лекер ауылдық клубының қатысушысы ҚУАН КӘУСАР Бас жүлдеге ие болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

Instagram

Facebook